$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.08.2021, 10:38
Саясат

«Орыс тіліне құрмет көрсетпеген». Қуат Ахметов 50 жыл бойы Ресейге кіре алмайтын болды

Қуат Ахметов - Қазақстандағы «Тіл майданы» қозғалысының басшысы

«Орыс тіліне құрмет көрсетпеген». Қуат Ахметов 50 жыл бойы Ресейге кіре алмайтын болды
Қуат Ахметов, фото: ашық дереккөзден

Орыс тіліне, Ресей тұрғындары мен басқа мемлекеттерде тұрып жатқан орыс ұлтының өкілдерін қатысты немқұрайлық танытқан, агрессивті түрде тіл тигізген шетел азаматтары РФ жеріне 50 жыл ене алмайды. Бұл шешімді Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігі қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Ресей Федерациясынан кету және Ресей Федерациясына кіру тәртібі туралы» 1996 жылғы 15 тамыздағы № 114-ФЗ Федералдық заңының 27-бабының бірінші бөлігінің 1-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматы Қуат Ахметов пен Әзірбайжан Республикасының азаматы Исфандияр Вагабзаде Ресей Федерациясына 50 жыл мерзімге енуге тыйым салу туралы шешім қабылданды. Олар интернетте ұлтаралық алауыздықты қоздыратын көпшілік алдында мәлімдеме жасады», - делінген РФ ІІМ таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 10 тамызда Бішкек қаласының «Технопарк» сауда ойын-сауық орталығында орыс тілді қызға шабуыл жасаған Қырғыз Республикасының азаматына қатысты 10 жыл мерзімге осындай шешім қабылданған болатын.

Сондай-ақ, Ресей ІІМ Ресей Федерациясына, оның тұрғындары мен шетелде тұратын отандастарына қатысты деструктивті әрекетке шақырған шетелдік азаматтарға олардың Ресейде болуы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін болғандықтан, ел аумағына кіруге жол берілмейтінін ескертті.

Еске салайық, Қазақстанда «Тіл майданы» қозғалысының қызметі белсенді түрде талқылануда. YouTube желісінде «Til Maydani онлайн партиясы» деген атпен ашылған жобаның қазір 18,5 мыңнан астам жазылушысы бар.

Арнада жарияланатын роликтерде Қуат Ахметов пен оның пікірлестері әртүрлі қоғамдық тамақтану орындарына, дәріханаларға, дүкендерге және мемлекеттік мекемелерге барып, қазақ тілінің қолданысын тексереді. Ресейлік БАҚ Қуат Ахметовті роликтерде «Республиканың заңдары мен Қазақстан тілін танымайтын орыс гастарбайтерлері» және «орыс фашизмі» сияқты сөздерді қолданды деп айыптады.

Серіктес жаңалықтары