$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.08.2021, 15:17
Саясат

Байбектің заңгері апелляция туралы: Мамай мен Иманбаева бірде-бір факт келтіре алмады

Апелляциялық сот отырысы 16 тамызға жоспарланған

Байбектің заңгері апелляция туралы: Мамай мен Иманбаева бірде-бір факт келтіре алмады

Заңгер Айжан Тәшенова Бауыржан Байбектің ар-намысын, абыройын және іскерлік беделін қорғау жөнінде Ж.Мамай мен И.Иманбаеваға қарсы талап-арызы бойынша аудандық соттың шешіміне берілген апелляциялық шағымға пікір (қарсылық) енгізді. Бұл туралы ол өзінің Facebook-парақшасында жазды.

Оның айтуынша, қоғам белсендісі Жанболат Мамай мен оның әйелі Инга Иманбай негізгі сот отырысында қаншалықты дәлел келтіре алмаса, апелляциялық шағымы да соншалықты дәйек-дәлелсіз.

«Атап айтқанда, аппеляциялық шағым Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 404 және 427-баптарының талаптарына сәйкес келмейді, себебі бұл құжатта (қосымша тіркеп отырмын) іс үшін маңызы бар және шешімнің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болатын жаңа фактілер немесе бірде-бір нақты дәлел келтірілмеген.

Шағым заңды түрде дұрыс рәсімделмеген. 8 беттің ішіндегі 7,5 беті – бұл тек шағым түсіріп отырған сот шешімінен үзінділерден тұратын фактілердің сипаттамасы мен заң нормалары ғана. Яғни, осыған дейінгі бүкіл отырыстардағыдай Ж.Мамай мен И.Иманбаева және олардың жалғыз қалған заңгері бірінші сот инстанциясының шешімін екі ғана абзацқа сыйып кеткен бос сөзбен және расталмаған дәлелдермен дауламақшы», - деп жазды Айжан Тәшенова.

Заңгердің айтуынша, ерлі-зайыптының Бауыржан Байбек туралы таратқан мәліметтері толықтай жалған және негізсіз. Сондықтан да олар сотқа өз сөзін дәлелдейтін нақты құжаттар өткізе алмаған көрінеді.

«Таңқаларлығы сол, бұған дейін «масштабты коррупция» фактілері туралы барлығын сендіргісі келген Ж.Мамай мен И.Иманбаева өздерінің берген шағымдарында тек 2 мәселе – «Қазақфильм» АҚ жер учаскесі мен автобус сатып алу туралы айтқан. Нақты айтқанда, жауапкерлер сотқа қандай да бір жаңа құжат пен маңызды дәлел келтірмеген. Ал бұл екі мәселе де бұған дейін бірінші инстанциядағы сотта барлық растайтын құжаттарды зерттей отырып, егжей-тегжейлі қаралған болатын», - деді заңгер.

Еске салайық, аталған апелляциялық сот отырысы 16 тамызға жоспарланған. Бұған дейінгі болған сотта белсенділер Жанболат Мамай мен Инга Иманбай жеңіліп, Бауыржан Байбек туралы жариялаған видеоматериалдарын интернеттен өшіруге міндеттелген болатын.

Серіктес жаңалықтары