$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.08.2021, 11:13
Саясат

Тоқаев Сеул қаласында Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысады

Қазақстан Президенті Кореяның ірі компанияларының басшыларымен, белгілі саяси қайраткерлермен кездесулер өткізеді

Тоқаев Сеул қаласында Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысады
Тоқаев пен Мун Чжэ Ин, 2019 жылғы 22 сәуір

16-17 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мун Чжэ Иннің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер өтіп, мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытудың перспективаларын қарастырмақ. Кездесу қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданып,  үкіметаралық құжаттарға қол қойылады деп жоспарланған.

Қазақстан Президенті Сеулге сапары аясында Кореяның ірі компанияларының басшыларымен, белгілі саяси қайраткерлермен кездесулер өткізеді. Сонымен қатар Қазақстандағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар коммерциялық келісім-шарт жасалмақ», - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сеул қаласында Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысады деп жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары