Шетелде қашып жүрген «Астана LRT» компаниясының бұрынғы басшысы ұсталған жағдайда Қазақстанға экстрадицияланады

Талғат Ардан мен негізгі күдікті Қанат Сұлтанбеков бастаған қылмыстық топ бюджетке 6 млрд теңге шығын келтірді деп айыпталған

Фото: ашық дереккөзден

«Астана LRT» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Арданды өзі тұрып жатқан елдің соты қамауға алуға сырттай рұқсат берді. Енді ол ұсталған жағдайда Қазақстанға экстрадицияланады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жемқорлықпен күрес агенттігінің хабарлауынша, қазір оны сол елдің құқық қорғау органдары іздестіріп жатыр. Қай ел екенін тергеушілер білгенімен, көпшілікке ашып айтуға асықпай отыр.

Есесіне, «Астана ЛРТ-ның» ақшасын жеген негізгі күдікті қала әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековтың АҚШ-та тұрып жатқан анықталды. Қазіргі уақытта Бас прокуратура оны елге экстрадициялау мәселесімен айналысуда.

Бұған дейін Сұлтанбеков бастаған қылмыстық топ бюджетке 5 миллиард 800 миллион теңгеден астам шығын келтірді деп айыпталып, Ардан мен Сұлтанбековтың 9 сыбайласы 7 мен 10 жыл аралығында түрмеге қамалған болатын. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.