$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.08.2021, 02:23
Қоғам

Биыл «Еңбек» бағдарламасына 400 мың адам қатысты

Субсидияланатын жұмыс орындарына 142,9 мың адам жұмысқа орналастырылды

Биыл «Еңбек» бағдарламасына 400 мың адам қатысты

1 тамыздағы жағдай бойынша 397,6 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болды. 288,8 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 166,3 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді курстарға 14,2 мың адам жіберілді.

4,5 мыңнан астам адам өз ісін ашу үшін жеңілдікті микрокредиттер, ал 18,1 мыңы қайтарымсыз мемлекеттік гранттар алды.

«Субсидияланатын жұмыс орындарына 142,9 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына – 15,9 мың адам; жастар практикасына – 16,3 мың адам; қоғамдық жұмыстарға 110,7 мың адам орналасты», - делінген хабарламада.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 1 133 отбасы немесе 3 750 адам қоныс аударды, оның ішінде 1 610 адам еңбекке қабілетті жаста. Ал 1 075 адам жаңа тұрғылықты жерінде тұрақты жұмысқа орналастырылды және 76 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады, 4 адам оқуға жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 649 мың адам қатысты. 437,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 319,2 мыңы тұрақты жұмысқа тұрды. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың микрокредит және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 44,9 мың қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді.

Қысқа мерзімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілді, ал ТжКБ ұйымдарында оқытумен 18,4 мың адам қамтылды.

Бұдан басқа, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде жұмыс күші артық өңірлерден құрамында 5,8 мың адам бар 1,8 мың отбасы қоныс аударды.

 
Серіктес жаңалықтары