$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.08.2021, 12:27
Қоғам

Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері айтылды

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді

Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері айтылды
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

2021 жылдың қаңтар-шілде айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 478, 9 млрд теңгеден астам қаржы, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 1 083 млрд теңге бағытталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Шілде айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 222,2 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 68,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 154,1 млрд теңге бөлінді.

Тамыздағы жағдай бойынша, Қазақстандағы зейнеткерлер саны 2 млн 238 мың адамды құрайды.

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақыны қосқанда) 2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 99 921 теңгені құрады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Зейнетақы