11.08.2021, 12:41
Қоғам
Бес қалада вакциналау паспортын сатқан 8 медицина қызметкері анықталды - ҚМА
Олар жалған паспортты 5 000-нан 30 000 теңгеге дейінгі бағада сатқан
көрнекі фото
Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Павлодар және Тараз қалаларында коронавирус инфекциясына қарсы вакцина паспортын сатумен айналысқан медицина қызметкерлері мен басқа азаматтар анықталды.
«Олар ақша табу мақсатында жалған паспортты 5 000-нан 30 000 теңгеге дейінгі бағада сатқан», - делінген агенттіктің хабарламасында.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабында (жалған құжат жасау) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша сотқа дейінгі 7 тергеу басталды.
Жалған паспорт берілген 37 азамат анықталды. Сондай-ақ 12 адам, оның ішінде 8 медицина қызметкерінің жалған құжат жасағаны белгілі болды.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 10:30
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
04.10.2026, 13:09
Талдықорғанда әйелін қарумен қорқытқан ер адам ұсталды (ВИДЕО)