11.08.2021, 11:01
Қоғам
Қазақстанда табысы төмен азаматтарға субсидия беріле ме?
Тиісті ведомство өкілдері Қазақстанда мұндай субсидиялар жоқ екенін жеткізді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде тараған «Табысы төмен азаматтарға субсидия төлеу» туралы ақпараттың жалған екенін хабарлады.
«Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таралып жатқан, жұмыссыз азаматтар мен табысы төмен қазақстандықтар 85 400 теңге мөлшерінде мемлекеттік экономикалық субсидияларға өтінім бере алатындығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», - делінген хабарламада.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда мұндай субсидиялар жоқ екенін жеткізді.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады