$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.08.2021, 00:30
Қоғам

Қаражанбас кенішінде әйелдер көтерілді

Олар басшылыққа бірнеше талап қойған

Қаражанбас мұнай кенішінде Caspian food компаниясында жұмыс істейтін әйелдер митинг ұйымдастырып, Мемлекет басшысының атына үндеу жолдады. Олар жалақыны екі есеге дейін көтеруді талап етіп отыр деп жазады Lada.kz.

Әйелдер 4 тамыз күні бас көтерді. Олар жалақыны көтеріп қана қоймай, компания жұмысшыларды тегін сүт өнімдерімен қамтамасыз етуі тиіс деп есептейді. Сондай-ақ, жол ақысын көтеріп, ПТР-тестін тегін етуді талап етті.

Митингке шыққан әйелдердің пікірінше, компания аз қамтылған отбасыларға (компанияда жұмыс істейтін – авт.) және отбасында бір ғана адам жұмыс істейтін отбасыларға әлеуметтік көмек беруі керек.

Әйелдердің мұңын тыңдауға Caspian food компаниясынан басшылар емес, кадр бөлімінің мамандары шықты. Олар талап-арызды қағазға түсіріп, басшыларға жеткізуге уәде берді.

Серіктес жаңалықтары