05.08.2021, 09:18
Қоғам
Антирекорд: Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 158 адам қайтыс болды
107 600 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр
көрнекі фото
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 158 адам қайтыс болды. Осылайша елде антирекорд тіркеліп отыр. Мұның алдында 149 адам қайтыс болғаны хабарланған еді.
ДСМ-нің мәліметінше, 3 тамызда коронавирус расталған 125 адам және 33 адам КВИ пневмониясынан қайтыс болды.
5 тамыздағы мәлімет бойынша, 107 600 адам коронавирус инфекциясынан (104 377 КВИ+ және 3 223 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
- 29 623 пациент стационарда,
- 77 977 науқас амбулаториялық деңгейде ем алып жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 1 832 адамның жағдайы ауыр,
- 417 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 202 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
2020 жылғы 13 наурыздан бергі статистика: ауырғандар - 62 151, 3814 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 55 114 жетті.
Көп оқылған
01.04.2026, 10:55
«Екі рет сараптама жүргізілді»: Нұрай Серікбайды өлтірген күдікті неліктен психиатриялық ауруханаға жатқызылды
01.04.2026, 09:35
«Finsky Ice», «Сибирские морозы»: Семей тұрғыны гаражында спирт пен суды араластырып, ішімдік дайындаған
01.04.2026, 18:01
«Барселона» Қазақстаннан шыққан жас талантпен келісімшартқа отырды – Mundo Deportivo
01.04.2026, 09:12
Ақтауда ер адам түйесін көпқабатты үйдің жанына байлап қойған (ВИДЕО)