ШұғылӨткен тәулікте 3000-ға жуық адамнан КВИ анықталды

Қазақстанда вакцинаның үшінші компонентін салдыру мәселесі қарастырылып жатыр - дәрігер

Антидене саны бірден төмен адамдарға ревакцинация керек болуы мүмкін

көрнекі фото

Медицина ғылымдарының кандидаты Сәуле Атығаеваның айтуынша, Қазақстанда коронавирус вакцинасының үшінші компонентін салдыру мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы жоғары санатты инфекционист дәрігер ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

«Иммунолог, вирусологтардың көзқарасы бойынша, үшінші компонентті салдыру қажет болуы мүмкін. Екпе алу кезеңі жас категориясына қарай әртүрлі болуы керек. Ревакцинацияның қажеттігі ағзадағы антидене санына қарай анықталады. Антидене саны бірден төмен адамдарға ревакцинация керек болуы мүмкін. Бұл мәселе талқыланып жатыр. Алдағы таңда оның жауабын аламыз», - деді Сәуле Атығаева.

Еске салайық, бүгінде Израильде 1 тамыздан бері вакцинаның үшінші дозасын салдыруды бастады. Ал, Қазақстанда вакцинаның II компонентін алғандар саны 4 млн-нан асты.