02.08.2021, 23:38
Қоғам
Түркістан облысындағы әрбір тойхананы енді полиция күзететін болады
Өңір тұрғындары той-жиын жасауын доғарар емес
Фото ашық дереккөзден
Түркістан облысында енді әрбір тойхананы полиция қызметкерлері күзететін болады. Мұндай тапсырманы облыс әкімі берген деп мәлімдеді «Хабар-24» телеарнасы.
Өңірде жыл басынан бері 600 жасырын той болған. Облыс «қызыл аймақта» тұрса да, тұрғындар карантиндік шектеулерді ескермейді дейді мамандар.
Кезекті рейд барысында мобильді топ Сайрам ауданындағы демалыс орындарының бірінде өтіп жатқан салтанатты жиынның үстінен түскен. Оған дейін Шардара және Сарыағаш аудандарында бірнеше үйлену тойы әшкере болған еді. Полицейлер жыл басынан бері үш мыңнан астам талап бұзу дерегін тіркеген. Айыппұлдың жалпы көлемі 200 милиион теңгеге жуықтайды.
Көп оқылған
10.07.2026, 14:17
Оралда полиция қызметкерлері өрт болған үйге дереу жетіп, 15 адамды құтқарып қалды (ВИДЕО)
10.07.2026, 15:51
Аршалыда шизофрениямен ауыратын ер адам анасын, жиенін, тағы екі туысын асқан жауыздықпен өлтірді
10.07.2026, 21:31
Тәулігіне 100 мың: Қазақстандық Бурабайдағы демалыс аймағының қызмет көрсету сапасына шағымданды
10.07.2026, 15:21
«КыздарНет» ісі: сутенерлік желіні ұйымдастырғандар 10 жылға сотталды
10.07.2026, 13:00
Жүргізушілерге ескерту: Қазақстанда тағы 5 тасжолға орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілді
10.07.2026, 16:59
Алматыдағы кафеде ер адам танысының мойнына пышақ сұғып алды