ШұғылӨткен тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Ashyq қосымшасындағы үздік мекемелердің жұмыс уақыты 22:00-ге дейін болады – ДСМ

9 тамыздан кейін жұмыс кестесі 24:00-ге дейін ұзарады

көрнекі фото

Ashyq жобасының қатысушылары 9 тамызға дейін жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін, ал қосымшадағы үздік мекемелер сағат 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өтіп жатқан брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Ал 9 тамыздан кейін Ashyq үздіктеріне сағат 24:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

«Бұл СОО, сауда үйлері мен желілері, қоғамдық тамақтану объектілері (оның ішінде жазғы алаңдар, фудкорт), фитнес-клубтар, йога орталықтары, спорттық-сауықтыру объектілері, сауналар, СПА-орталықтар, спорттық объектілер мен бассейндер, сұлулық салондары, шаштараздар, барбершоптар, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін орталықтар мен салондар, караоке, бильярд, боулингтер, компьютерлік клубтар мен кинотеатрларға қатысты. Бұл ретте «Ashyq» тәртібін бұзушыларға қойылатын талаптар күшейтіледі», - деді Алексей Цой.

Ashyq –  қоғамдық орындарға баратын адамдарды тіркеуге арналған қосымша. Нысанға кірмес бұрын пайдаланушы арнайы QR-кодты сканерлейді де, оны кіреберісте тұрған әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Ал азаматтардың статусы денсаулық сақтау министрлігіндегі мәліметтер базасымен салыстырғаннан кейін белгілі болады.