$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.07.2021, 09:33
Қоғам

Қазақстанда соңғы бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 92 адам қайтыс болды

319 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр

Қазақстанда соңғы бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 92 адам қайтыс болды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда соңғы тәулікте 81 адам коронавирус инфекциясынан, тағы 11 адам пневмониядан қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, республикада бір тәулік ішінде 6 925 адам коронавирус жұқтырған, тағы 324 адам пневмонияға шалдықты.

28 шілдедегі мәлімет бойынша, 89 058 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 24 748 пациент стационарда, 64 310 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Науқастар арасында 1 500 адамның жағдайы ауыр, 319 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 160 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Түркістан облысынан басқа өңірлердің бәрі «қызыл» аймақта орналасқан.

Серіктес жаңалықтары