$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.07.2021, 18:53
Қоғам

Алматы облысының жастары қолмен шапқан 15 тонна шөпті Маңғыстауға жіберді

Жас жігіттер қаржылай да көмек жіберген

Алматы облысының жастары қолмен шапқан 15 тонна шөпті Маңғыстауға жіберді

Алматы облысында жас жігіттер қолмен 15 тонна шөп шауып, малы аштықтан қырылып жатқан Маңғыстау облысына жіберді. Жалпы, Жетісу өңірінен 146 тонна жем-шөп жиналған. Қуаңшылықтан қолдағы малы қырылып жатқан аймақтың тұрғындарына 73 тоннадан астам шөп, 73 тонна жем таратылған.

Алғашқылардың бірі болып көмек қолын созған кәсіпкер Алмасбек Садырбаев «Маңғыстауға көмек» қорын ашқан. Бүгінгі күні бүкіл қорға мал азығын алу үшін 7 млн теңгеден астам қаражат жиналып, оған 60 тонна шөп, 68 тонна бидай сатып алынған.

«Батыстағы бауырларымыздың жағдайын естіп, бірден көмек беруге кірістік. «Шопан ата» қауымдастығының қайырымдылық қорына және менің жеке шотыма қаражат жинап жатырмыз. Бүгінгі күнде жиналған қаражаттың барлығына тиісті жем-шөп алынды. Батыста құрылған 6 кооперативке жеткізіледі. Биылғы құрғақшылық батыстағы шаруаларды әбден қыспаққа алып отыр. Малға беретін жем-шөптің жоқтығын айтып халықтан көмек сұраған шаруалардың назын Жетісу халқы назарсыз қалдырмады», - деді Алмасбек Садырбаев.

Қордан бөлек Сарқан және Еңбекшіқазақ ауданының жанашыр жастары өз қолымен шапқан шөпті де жіберген. Сарқан ауданының белсенді жастары бүгінде 10 тоннадан астам шөп жөнелтсе, Еңбекшіқазақ ауданындағы жігіттер сай-сайдан 3 тоннадан астам шөп жинап, 5 тонна жем жіберген. Ақшалай және материалды көмек жинау әлі де жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары