Ата-аналардан балаларға вакцина салу туралы өтініштер көптеп түсуде – Алексей Цой

Алайда, елімізде балаларға салатын вакцина жоқ

Ата-аналардан балаларға вакцина салу туралы өтініштер көптеп түсуде – Алексей Цой
Фото ашық дереккөзден

Елімізде балаларды вакцинациялау науқаны қашан басталатыны әзірге белгісіз. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Министрдің айтуынша, вакцина тек ата-аналардың рұқсатымен ғана жүргізілетін болады.

«Балалардың да вакцина алуға құқықтары болуы тиіс. Біз қазір балаларды вакцинациялау жұмыстары нақты қашан басталатынын айта алмаймыз. Өйткені вакцина салдыру ерікті түрде жүргізілетін болады. Яғни тек ата-ананың келісімімен ғана жүзеге асырылады. Сонымен қатар, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Қазір бізге балаларына коронавирусқа қарсы екпе салдыру жөнінде көптеген ата-аналар өтініш білдіруде. Бірақ өкінішке қарай, ондай вакцина бізде әзірге жоқ. Мүмкіндік пайда болған жағдайда, біз бірден вакцинаны қолжетімді етуге тырысамыз», - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, Алексей Цой халықты түгелдей вакцинациялау науқаны басталған сәтте балаларға екпе салу шарасы басымдылыққа ие болатынын атап өтті.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.