23.07.2021, 17:40
Қоғам
Отставка туралы ойлануға уақытым жоқ – Денсаулық сақтау министрі
Ол бірақ кез келген ауыс-түйіске дайын екенін айтты
Фото ашық дереккөзден
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой басқа қызметке ауысу туралы ойлануға уақыты жоқ екенін айтты.
Еліміздің бас дәрігері БАҚ өкілдерімен онлайн кездесу барысында отставкаға кету мәселесіне қатысты сауалға жауап қатты.
«Министрліктің алдында қазір көптеген сұрақтар тұр. Пандемия кезінде жаһанды жайлаған дертпен күресте министрліктің барлық қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеуде. Егер де ел билігі басқа мамандарды тартуды көздейтін болса, біз оған әрдайым дайынбыз. Ал дәл қазір жұмыстан бас көтермей қызмет етудеміз. Біздің басқа шаруаларға көңіл бөлуімізге уақытымыз жоқ. Біз өз азаматтарымызды індеттен аман алып қалудың қамымен жүрміз», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен брифингте.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады