$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.07.2021, 11:54
Қоғам

Қайтыс болған кардиохирург Серік Бекбосыновтың отбасына Мемлекет басшысы көңіл айтты

Марқұмның жүрегі тоқтап қалған

Қайтыс болған кардиохирург Серік Бекбосыновтың отбасына Мемлекет басшысы көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі кардиохирург Серік Бекбосыновтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-парақшасында.

«Серік Темірханұлы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында қызмет етіп, жүрек-қан тамырлары хирургиясы саласындағы үздік мамандардың бірі атанды. Жүрекке ота жасаған әлемдегі ең жас кардиохирург ретінде еңбегі жоғары бағаланды. Көптеген адамның өмірін аман алып қалды.

Отанымызға адал еңбек етіп, өз ісінің білгір маманы ретінде соңына өшпес із қалдырған Серік Темірханұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды», – делінген жеделхатта.

Серік Бекбосынов 41 жасына қараған шағында қайтыс болды. Ол ұзақ уақыт бойы қант диабетімен, гипертониямен күресіп келген.

Серіктес жаңалықтары