$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.07.2021, 13:55
Қоғам

Алматыда қолшатыры бар қыздың муралы пайда болды

Оның қолшатырында Антикордың логотипі бейнеленген

Алматыда қолшатыры бар қыздың муралы пайда болды

Алматыда Тастақ шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің қабырғасында ерекше мурал пайда болды. Суретшілер мұнда қолына қолшатыр ұстаған кішкентай қызды бейнелеген.

Жоба авторларының айтуынша, мурал – яғни үлкен көлемді суреттер қала тұрғындарының көңіл-күйіне айтарлықтай әсер етеді. Ал, жаңа граффити жобадағы бейненің астары бар: кішкентай қыз – өсіп келе жатқан жас ұрпақ. Оның қолшатырында Антикордың логотипі бейнеленген. Бұл сыбайлас жемқорлықпен күрес – болашақпен күрес дегенді білдіреді екен.

«Мурал – қала кеңістігіндегі суретші мен көрермен диалогының тамаша құралы. Осы жобамен жұмыс істеуде біз көрерменге жақын болатын позитивті жарқын бейнені жасауға тырыстық. Біздің команда астана мен Алматыда осындай екі жоба бойынша жұмыс істеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сияқты маңызды тақырыпты қозғай отырып, біз «көркем» тілде сөйлеуге және Сайран автовокзалының жанында жарқын орынға айналатын позитивті образ жасауға тырыстық», - дейді концепция авторы Кристина Бекмурзаева.

Муралдың пайда болғанына Тастақ тұрғындары разы болды.

«Маған бұл жұмыс ұнады, біз өзіміз бұған дейін қасбетке сурет салу туралы бастама көтердік. Менің немерелерім осында суретке түседі, менің ойымша, туристерге де бұл бастама ұнайды. Түстер өте жарқын, көңіл-күйді көтереді», - деп шағын аудан тұрғындарының бірі өз ойымен бөлісті.

Серіктес жаңалықтары