$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.07.2021, 16:59
Қоғам

Коронавирустың төртінші толқыны: Алматыда шектеу шаралары күшейеді

Қаланың Бас санитары халықты вакцина алуға үгіттеп жатыр

Коронавирустың төртінші толқыны: Алматыда шектеу шаралары күшейеді
Tengrinews.kz

Алматыда коронавирустың төртінші толқыны басталды. Қауіпті індетті жұқтырғандар саны екі есеге өсіп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Алматы қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшиннің сөзінше, індетті жұқтырғандар бірден 2,1 есеге көбейген.

«Жұқтыру көрсеткіші 2,1 есеге өсіп, 1342 науқастан 2377 адамға жетті. Соңғы тәулікте вирусты жұқтырудың 353 жағдайы тіркелді. Тәуліктік көрстекіш 0,4 пайызға жетті. 3-толқын – британ штамы басылмай жатып, төртінші толқын басталып кетті. Британ вариантына үндістандық «Дельта» штамы қосылды. 85 сынама анықталды. «Дельта» штамы жалпы жұқтырудың 78 пайызын құрайды. Ең басты өзгеріс, ол британдық штамға үндістандық «Дельта» варианты қосылды. Біз жағдайды бақылаған кезде «Альфа» штамы төмендеген. Вирустың басқа штамдары сол қалпында. Маусымның 26 күні №19 қаулы шығардық, соған байланысты шектеу шаралары күшейтілді», - деді қаланың Бас санитары.

Бекшиннің айтуынша, арудың көбеюіне сауда орындарына адамдардың көптеп баруы себеп. Әсіресе, құрылыс материалдарын сататын орындарда жұқтыру көрсеткіші жоғары. Сонымен қатар, бас санитар БАҚ өкілдері жаңа қаулыға сәйкес вакцина алуға міндетті деді. Алматы қаласы коронавирус жұқтырғандар саны бойынша бірінші орында. Пандемия басталғалы 74 659 жағдай тіркелсе, оның ішінде, 71 262 аурудан айыққан.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары