Елордада дәмханаға барған тұрғын 88 мың айыппұл төледі
Оның Ashyq-тағы мәртебесі - «қызыл»
Нұр-Сұлтанда Ashyq-та «қызыл» статусы бар тұрғын қоғамдық тамақтану нысанына барғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оқшаулану режимін бұзғаны үшін Байқоңыр аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің мамандары тұрғынға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, оған 30 АЕК (87 510 теңге) айыппұл салынды.
5 сәуірден бастап Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарында үй карантинін бұзған 4039 келуші анықталды. Оның ішінде «қызыл» статусы бар 1888 адам (коронавирус жұқтырған), 2151 адамның «сары» статусы бар (жақын байланыста болған).
Оның ішінде, 11-27 маусым аралығында үй карантинін бұзған 491 келуші анықталды (247 келушінің – «қызыл» түсті, 244 келушінің – «сары» түсті мәртебесі бар).