$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.12.2019, 09:51
Қоғам

«Павлодар» ӘКК» қорының бас директоры пара алғаны үшін сотталды

Сот үкімімен Дүйсембаев кінәлі деп танылып, оған 15 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

«Павлодар» ӘКК» қорының бас директоры пара алғаны үшін сотталды

«Павлодар» ӘКК» ҰК» АҚ әлеуметтік даму Корпоративтік қорының бас директоры пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша «Павлодар» ӘКК» ҰК» АҚ әлеуметтік даму Корпоративтік қорының (Облыс әкімдігінің 100% қатысу үлесі) Бас директоры Б. Қ. Дүйсембаевқа қатысты тергеуді аяқтады.

«Ол бұрын аяқталмаған әлеуметтік нысанды бағалау бойынша қызмет көрсету туралы келісім-шарт жасасқаны үшін кәсіпкерлерден ескертілген 1 млн. теңгенің 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді», - делінген хабарламада.

Павлодар қаласының №2 сотының үкімімен Б. К. Дүйсембаев пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды және мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынды.
 

Серіктес жаңалықтары