$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.06.2021, 09:58
Қоғам

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу: бес ай ішінде 163 млрд теңге жәрдемақы төленді

Елімізде 700 мыңға жуық адам мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу: бес ай ішінде 163 млрд теңге жәрдемақы төленді
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы түрінде 163 млрд теңгеден астам қаражат төленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

2021 жылғы қаңтар-мамыр айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 128,8 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына 34,4 млрд теңге бағытталды.

2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 528 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 171 мың адамды құрайды.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушысының асырауындағы адамдардың санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 49 338 теңгені, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 40 865 теңгені құрады.

Серіктес жаңалықтары