$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.06.2021, 15:53
Қоғам

Түркістан облысында анасы 7 млн теңгеге сатпақ болған нәресте балалар үйіне тапсырылды

Бір жастағы сәбиді туыстарының ешқайсы іздеп келмеген

Түркістан облысында анасы 7 млн теңгеге сатпақ болған нәресте балалар үйіне тапсырылды

Маусым айының басында Түркістан қаласында 27 жастағы келіншек 1 жастағы сәбиін 7 млн теңгеге сатып жатқан жерінде ұсталды. Содан бері сәби екі аптаға жуық пневмониядан емделді, алайда оны осы аралықта ауруханаға ешбір туысы іздеп келмеген. Сондықтан оны балалар үйіне жіберу туралы шешім қабылданған. Дәрігерлердің айтуынша, қазір бөбектің жағдайы жақсы. Ал, оның анасына қатысты тергеу жүріп жатыр.

Қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы Жансая Орынбасарованың айтуынша, 1 жастағы сәбиді Шымкент қаласындағы мамандандырылған бөбектер үйіне орналастырған.

«Біз қаулы дайындаймыз. Негізі, баланы орналастыру үшін арнайы ресми құжат болады. Құжаттардың кешігуіне байланысты біз баланы бүгін орналастырайын деп жатырмыз. Баланы алуға ешқандай туысы келген жоқ. Қылмыстық іс қозғалып жатқандықтан, баланы баланы Шымкент қаласындағы мамандандырылған бөбектер үйіне орналастырудамыз», - деді ол.

Баласын саудалап, олжа таппақ болған күдіктінің қылмысы дәлелденсе, ол тоғыз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 2-бөлігінің 12-ші тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары