Қазақстандағы донорлардың жас ерекшелігі, карантиннің қан тапсыру процесіне әсері жайлы маманмен сұхбат

14 маусым – Дүниежүзілік донорлар күні

Қазақстандағы донорлардың жас ерекшелігі, карантиннің қан тапсыру процесіне әсері жайлы маманмен сұхбат
Коллаж

14 маусым – Дүниежүзілік донорлар. Осыға сәйкес Azattyq Rýhy тілшісі Қазақстандағы Қан орталығы қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Әсемгүл Шәріповаға донорлыққа қатысты бірқатар сұрақ жолдап, жауап алды.

Нақтырақ айтқанда, қандай адамдардың қаны донацияға қатыстырылмайтыны, Қазақстандағы донорлардың жас ерекшелігі жайлы сұрап білді.

ДОНОРЛЫҚҚА АБСОЛЮТТІ ҚАРСЫ КӨРСЕТКІШТЕР:

ЖИТС, АИТВ инфекциясын тасымалдау, мерез, туа біткен немесе жүре пайда болған вирустық гепатиттер, туберкулездің барлық түрлері, бруцеллез, бөртпе сүзегі, сондай-ақ паразиттік аурулардың түрлері сияқты инфекциялық аурулардан емдеу мерзімділігі мен нәтижелеріне қарамастан донорлықтан шеттетіледі.

Қатерлі ісіктері бар, психикасының бұзылысқа, қан ауруларынан және ОНЖ органикалық ауруларына, нашақорлыққа және алкоголизмге, сондай-ақ есту мен сөйлеудің қабілетінін жоқтығына шалдыққан науқастар донор бола алмайды.

Донацияға жүрек-тамырлар аурулары, тыныс алу органдары, АІЖ органдары, бауыр мен өт жолдарының ауыр патологиялары, бауыр, бүйрек және несеп шығару жолдарының декомпенсация кезеңіндегі созылмалы ауруларға, сәуле ауруына шалдыққан азаматтар мүлдем жіберілмейді.

Сондай-ақ бұл тізімге функциялары мен зат алмасуының айқын бұзылысы жағдайындағы эндокриндік жүйе аурулары, ЛОР-ағзаларының аурулары, көздің күрделі аурулары, терінің қабыну және инфекциялық сипаттағы бірқатар аурулары, жедел және созылмалы остеомиелит жатады.

ДОНОРЛЫҚҚА УАҚЫТША ҚАРСЫ КӨРСЕТКІШТЕР:

  • Татуировка жасату немесе инемен емделген кезде процедуралар аяқталған сәттен бастап 4 айға шеттетіледі.
  • Ұзақтығы 2 айдан астам шетелдік іссапарларда болған адам келгеннен кейін 6 ай өткен соң ғана донорлыққа жіберілуі мүмкін.
  • Безгек эндемиялық, тропикалық және субтропикалық климат (Азия, Африка, Оңтүстік және Орталық Америка) елдерде болу фактісі 3 жылға дейін шеттету үшін негіз болады.
  • Қан донорлығына гепатитпен ауыратын науқастармен байланыста болған адамға уақытша жіберілмейді.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДОНОРЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ:

Қазақстандағы донорлар – әртүрлі жастағы және қызмет саласындағы адамдар. Былтыр донор болғандардың 69% - ерлер, 31 пайызы әйелдер болған. 18-30 жас аралығында донор болғандар - 36%, 31-50 жас аралығындағылар - 51%, 51-ден бастап 60 жастан жоғарылар - 13%.

КАРАНТИН ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ҚАЛАЙША ӘСЕР ЕТТІ?

Пандемия басталғанда ауруханалардың барлығы КВИ-мен күрес жөніндегі инфекциялық орталықтарға айналды. Пандемия кезінде донорлық белсенділік те төмендеген. Карантинге дейін Орталыққа күніне 100-120 донор келген болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 80 адамға дейін төмендеген.

«Биыл ауруханалар қалыпты жұмысын қайта бастап, күн сайынғы донорлардың саны кемі 150 адам болғаны өте қажет. Қан орталығы белгіленген режим бойынша демалыссыз 8:30-дан 17:00-ге дейін жұмыс істейді.

Карантинде донорлық туралы ұмытпағаныңыз жөн. Қан онкологиялық науқастарға, оның ішінде балаларға, сондай-ақ жарақат алған науқастарға, босанған әйелдерге және басқаларға қажет. Бізде коронавирусты профилактикалау және одан қорғанудың барлық шаралары сақталған, сондықтан донорлардың денсаулығына қауіп төнбейді», - деді Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының өкілі.

Қазақстанда қан қызметi саласында жұмыс iстейтiн 18 орталық бар. Трансфузиология орталығы елорданың 23 медициналық ұйымын қан және оның компоненттерiмен қамтамасыз етiп отыр.

«Қан тапсырудың еш зияны жоқ, ол керiсiнше денсаулыққа пайдалы. Себебi, тұрақты түрде қан тапсыратындардың қан жүйесi жаңарып, олардың миокард инфарктiсiн алу қаупi 30 пайызға төмендейдi. Донор ер адам жылына 5-6 рет, ал әйелдер 4 рет қан тапсыра алады. Қан 450 миллилитрден тапсырылады. Бұл мөлшер денсаулыққа еш әсер етпейді», - дейдi мамандар.

Жазып алған: Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.