Ақтөбеде шырылдаған шарананы пакетке салып, қоқысқа тастаған: сәбидің алдағы тағдыры не болмақ

Ол енді сәбилер үйіне өткізілетін болды

Ақтөбеде шырылдаған шарананы пакетке салып, қоқысқа тастаған: сәбидің алдағы тағдыры не болмақ
Фото: «Диапазон»/А. Алашбаева

Ақтөбе қаласында 23 мамыр күні аулалардың бірінде ағаш түбінен жаңа туған сәби табылды. Шарананың аузы байланған, екі пакетке оралған күйде жатқан. Сәби шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламаға сүйенске, ұл бала қазір жақсы тамақтанып, салмақ қосып жатыр. Қазіргі уақытта ол қалалық балалар ауруханасында ем қабылдауда. Оған Батыр есімі берілген.

Ауруханаға түскен кезде нәрестенің салмағы 2900 грамм болса, қазір 3120 грамға жеткен. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.

«Талдау нәтижелері қалыпқа келді. Қазір баланы сәбилер үйіне ауыстыруға дайындап жатырмыз», – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасында.