$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.06.2021, 13:37
Қоғам

200 мың қазақстандыққа Ashyq қосымшасында «жасыл» мәртебе берілді

Апта соңына дейін вакцинаның екі компонентін алғандардың бәріне мәртебе беріледі

200 мың қазақстандыққа Ashyq қосымшасында «жасыл» мәртебе берілді
Фото: sputniknews.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ashyq қосымшасында вакцина салдырған 200 мың қазақстандыққа «жасыл» мәртебе берілгенін мәлімдеді.

«Вакцина алған 200 мың азамат Ashyq қосымшасында «жасыл» статусқа ие болды. Осылайша екпенің екі компонентін алған барлық кісіге аптаның соңына дейін тиісті мәртебені беруді жоспарлап отырмыз. Баршаңызға амандық тілейміз!», - деп жазды ол.

Ashyq –  қоғамдық орындарға баратын адамдарды тіркеуге арналған қосымша. Нысанға кірмес бұрын пайдаланушы арнайы QR-кодты сканерлейді де, оны кіреберісте тұрған әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Ал азаматтардың статусы денсаулық сақтау министрлігіндегі мәліметтер базасымен салыстырғаннан кейін белгілі болады.

Серіктес жаңалықтары