02.06.2021, 20:15
Қоғам
Асхат Аймағамбетов Шарын шатқалында қаза тапқан мұғалімнің үйіне барды
Ол селден оқушыларды құтқарамын деп өзі опат болған
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Шарын шатқалындағы қайғылы оқиға кезінде қайтыс болған мұғалім Мерей Ибрагимовтың отбасына барды деп хабарлады министрліктің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева өзінің Facebook-парақшасында.
Министр марқұмның туған-туыстарына көңіл айтып, 26 жастағы педагогтің ата-анасына ержүрек және батыр ер азаматты тәрбиелегені үшін алғыс айтты.
Еске салайық, Мерей Ибрагимов 29 мамыр сел тасқыны орын алған күні Шарын шатқалына экскурсияға барғандардың қатарында болды. Жас мұғалім оқушыларды құтқарып қалу үшін өз өмірін қиған.
Ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Қазақстан Президенті марқұм Мерей Ибрагимовты «Ерлігі үшін» медалімен қайтыс болғаннан кейін марапаттады.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды