01.06.2021, 09:48
Қоғам
Тоқаев халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні
2019 жылдың 1 маусымы, фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік балалар күніне орай Twitter желісінде жазба қалдырды.
«1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Еліміздің жас буын өкілдерінің балалық шағы бақытты өтіп, дені сау, жан-жақты азамат болып өсуіне жағдай жасау – стратегиялық маңызы бар міндет. Бұл – Қазақстанның жарқын болашағының кепілі», - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, 1954 жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеясы «Дүниежүзілік балалар күнін» барлық елде мерекелеуді ұсынды. 1959 жылы 20 қарашада Балалар құқығы декларациясы, ал 1989 жылы Балалар құқығы конвенциясы қабылданды.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр