Астанада 10 жасар бала кешкі уақытта көлік жуып, інісіне сыйлық алмақ болған
Бала інісіне тосын сый жасағысы келген
Әлеуметтік желіде Астанада 10 жастағы баланың кешкі уақытта көлік жуып, ақша тапқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Махаббат Раева есімді желі қолданушысы кешкі уақытта жұмыс істеп жүрген баланың суретін жариялап, пост жазды.
«Кешке таман сыртқа шықсам, ауыр шелек көтеріп жүрген баланы көрдім. Жанына барып көмек керек пе деп сұрадым. Алысқа барасын ба дедім. Ол «жоқ, өзім, жұмыс істеп жүрмін» деп жауап берді. Шелекте су мен шүберек болды. Не істейсін? Көліктің «фарын» жуасын ба? дедім. Ол «иә, маған ол үшін адамдар қолма-қол ақша береді немесе анамның шотына жібереді» деп түсіндірді. Ол небәрі 10 жаста, өзі еңбекқор», - деп жазды ол Treads әлеуметтік желісінде.
Бұл жағдайға қатысты ҚР Оқу-ағарту министрлігі Бала құқықтарын қорғау комитеті пікір білдіріп, баланың анасымен сөйлескендерін айтты.
Желіде тараған жазбадан кейін 10 жастағы баланың анасымен тілдесіп, мән-жайды сұрадық. Өйткені баланың жағдайына алаңдаған жандар көп болды. Тіпті баланың отбасына көмек көрсетуге дайын екенін жазды. Ал баланың анасы ешқандай көмекке мұқтаж емес екенін түсіндірді.
«Балам інісінің туған күніне сыйлық алғысы келіп, ақша жинаған. Тосын-сый жасап, футбол формасын сатып алып бергісі келген екен», - деді оның анасы.