Қазақстандағы қолжетімді вакциналардың қатары тағы бір қытай екпесімен толықты
QazVac, Спутник V, Hayat-Vax және CoronaVac
Бүгін, Қытаймен жүргізілген келіссөздер қорытындысы бойынша, Алматыға арнайы бортпен CoronaVac вакцинасының алғашқы партиясы келді. Препаратты Қытайдың Sinovac Biotech Ltd биофармацевтикалық компаниясы шығарған.
CoronaVac вакцинасының алғашқы партиясы 500 мың дозадан тұрады. Бұл препарат жақын күндері Қазақстан азаматтарына коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау үшін қолжетімді болатын төртінші препарат болады.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жаңа вакцина партиясы қолда бар қазақстандық және ресейлік вакциналармен қатар елдің барлық егу пункттерінде қолжетімді болады.
«CoronaVac вакцинасын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан аумағында қолдануды мақұлдады және елде қолданылатын QazVac, «Спутник V» және Hayat-Vax вакциналарының тізбесін толықтырады», - делінген ДСМ хабарламасында.
Қазір CoronaVac препараты әлемнің көптеген елдерінде кеңінен қолданылады. CoronaVac вакцинасында белсенді емес, белсенді зат SARS-CoV-2 антигені бар. Бір құтыда 0.5 мл/доза, препарат 14-28 күн аралығымен екі рет вакцинациялауды көздейді. Вакцинацияға 18 жастан асқан тұрғындар санаттары жатады. Вакцина +2+8 градус температурада сақталады.