27.05.2021, 16:20
Қоғам
81 адамның Қазақстан азаматтығынан шығу туралы өтініші қаралады
Қырымбек Көшербаев Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді
көрнекі фото
Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен ҚР Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Онлайн режимде өткен жиында Қазақстан азаматтығын алуға және одан шығуға тілек білдірген адамдардың өтініштері қаралды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының қарауына жақын және алыс шетелдерден келген әртүрлі ұлттардың 955 өкілін еліміздің азаматтығына қабылдау туралы ұсыныс енгізілетін болды.
Сондай-ақ комиссия 81 адамның Қазақстан азаматтығынан шығу туралы өтінішін қанағаттандыру туралы да ұсыным жасайды.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды