$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.05.2021, 16:47
Қоғам

Қостанай облысында кәсіпкерлердің Ashyq жүйесіне тіркелу қарқыны төмен

Өңір бойынша Ashyq жобасына қатысу үшін небәрі 268 өтінім берілген

Қостанай облысында кәсіпкерлердің Ashyq жүйесіне тіркелу қарқыны төмен
Фото: kstnews.kz

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов КВИ-дің таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізіп, өңірде коронавирус жұқтырғандар санының өскенін мәлімдеді.

«Соңғы аптада 256 жағдай тіркелді, ал өткен аптада 186 жағдай тіркелді, яғни ауру 37%-ға өсті. Нәтижесінде 18 мамырдан бастап облыс «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа ауысты. Осыған байланысты, облыс тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілеріне коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды сақтау қажеттігі туралы айтамын», - деді өңір басшысы.

Облыс басшысы бүгінде өңір бойынша Ashyq жобасына қатысу үшін 268 өтінім берілгенін хабарлады.

«Кәсіпкерлік субъектілерінің өтінім беру қарқынының төмендігін ескере отырып, қала мен аудан әкімдері осы бағыттағы жұмысты күшейтіп, жеке бақылауға алуы, сондай-ақ осы бағытта ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуі қажет», - деп тапсырды ол.

24 мамырдағы жағдай бойынша, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау және Түркістан облыстары. Айта кетейік, кеше «сары» аймақта тұрған Алматы және Маңғыстау облыстары бүгін «жасыл» аймаққа өтті.

Серіктес жаңалықтары