$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.05.2021, 16:28
Қоғам

Балалар еңбегін заңсыз пайдаланған кәсіпкерлер жазаға тартылады

Кәмелет жасқа толмағандар түнде жұмыс істей алмайды

Балалар еңбегін заңсыз пайдаланған кәсіпкерлер жазаға тартылады
көрнекі сурет: kk.atomiyme.com

Алматы қаласының Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Гүлдана Омарова кәмелетке толмағандарды еңбекке заңсыз тартқан кәсіпкерлер жазаланатынын еске салды. Осыған байланысты республика бойынша 1-12 маусым аралығында «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқан өтеді.

«18 жастан кіші - кәмелет жасқа толмағандар түнде жұмыс істей алмайды, оларға ауыр жұмыс істетуге болмайды. 16 жасқа дейінгі балалардың еңбегін пайдалану үшін еңбек шартына ата-аналардың бірі қол қоюы керек. ҚР Еңбек кодексіне сәйкес 14-16 жастағы балалар аптасына 24 сағаттан, ал 16-18 жастағы жасөспірімдер 36 сағаттан артық жұмыс істемеуге тиіс», - деді Гүлдана Омарова Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

2019 жылы кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылық немесе қатыгездік фактілерін тіркеуге арналған Telegram мессенджерінде «Bala Qorgay» каналы ашылған. Онда ата-аналарға кеңес беріледі, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары