21.05.2021, 10:12
Қоғам
Белгілі актер Фархат Әбдірайымов дүниеден өтті
Ол Грузияда қайтыс болды
Қазақстандық танымал актер, «Құрмет» орденінің иегері Фархат Әбдірайымов қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Telegram-каналға сілтеме жасап.
«Грузияда "Больше чем любовь" киносының түсірілімі кезінде белгілі актер әрі керемет тұлға Фархат Әбдірайымов көз жұмды», - делінген хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша, оның жүрегі тоқтап қалған. Бұл ақпаратты Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі растады.
Актер биыл қаңтар айында 55 жасқа толған еді. Фархат Әбдірайымов өзінің шығармашылық жолында 20-дан астам киноға түсіп, бірқатар марапаттарға ие болған.
Көп оқылған
23.11.2026, 11:01
«Балам үш рет түрмеге түскен, оның 25 млн теңге қарызы бар»: Алматыдағы «таксист» әже алғаш рет сұхбат берді
23.11.2026, 13:08
«Көз жасымды ұстай алмадым»: анасын іздеген белгиялық Жәнібек туған шешесінің хатын алған
23.11.2026, 23:47
Ақтөбелік әйел қытайлық күйеу жігітін алдап 30 миллион теңге мен алтын алған: полиция істі тоқтатты
23.11.2026, 15:20
Қызылодада мас ер адам қыздарды қорғаған жас жігітті пышақтап тастады
23.11.2026, 18:45
Домбыраны өз бетінше үйренген чилилік Мария Аргентина Муниос
