$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.05.2021, 09:59
Қоғам

«Айтқандарының кейбірімен келіспеймін»: Дәурен Абаев «Ирина Кайратовна» тобының сұхбатына қатысты пікірін білдірді

Қазақстандық рэп-әншілері ресейлік танымал журналист Юрий Дудьке сұхбат берген болатын

«Айтқандарының кейбірімен келіспеймін»: Дәурен Абаев «Ирина Кайратовна» тобының сұхбатына қатысты пікірін білдірді

мүшелерінің ресейлік журналист Юрий Дудьке берген сұхбаты жайында пікірін айтты.

«Открытый диалог 2.0» жобасында болған Дәурен Абаев ИК мүшелерінің сұхбатын көріп шыққанын айтып, «ол жігттер ел патриоты болып санала ма?» деген сауалға жауап берді.

Дәурен Абаев сұхбатты толық көрмеген. Бірақ, өзінің көрген, естіген тұстары бойынша ИК жігіттерін өз елінің патриоты деп есептейді.

Сондай-ақ билікті сынаған тұстарын олардың құқығы деп санап, кей пікірімен келіспейтінін, кей пікірімен ішінара келісетінін айтқан.

«Олар ел билігіне қаратып сын айтып жатқан бірінші адам емес. Бұл өркениетті әлем үшін қалыпты құбылыс. Әрине, кейбір тезистерімен келіспеймін. Кейбірімен ішінара келісемін. Жалпы дұрыс нәрселер айтылды. Бастысы жігіттердің өз еліне бей жай қарамауы ғой. Кейінгі жылдары шығармашыл жастардың жаңа толқыны келе жатыр. Ол тек әнші, әртіс және вайнерлер емес, сондай-ақ, жас суретшілер, актер, театр және кино режиссері, фотографтар және тағы басқасы. Оның бәрі қазақ тілін сәнге айналдырып, үлесі қосып жатыр», - деп жауап берді Дәурен Абаев.

Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын «Ирина Кайратовна» тобының мүшелері журналист танымал Юрий Дудьке екі сағаттық сұхбат берген болатын. Онда Қазақстандағы коррупция туралы көп айтылған.

Серіктес жаңалықтары