ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Қазақстандағы эко-мәдениетті әйелдер қалыптастырып отыр – сарапшы

Зерттеулер әлемдегі экологиялық проблемаларға әйелдердің көп алаңдайтынын көрсеткен

Pew зерттеу орталығы 2015 жылы әлемнің дамыған 11 елінде зерттеу жүргізген (Германия, Оңтүстік Корея, АҚШ және Канада). Зерттеу нәтижесі әлемдегі экологиялық проблемалар ерлерге қарағанда әйелдерді көбірек алаңдататынын анықтаған.

Ал, отандық сарапшылардың айтуынша, біздің елде де эко-мәдениет пен саясатты қалыптастырудағы әйелдерің үлесі ерлерге қарағанда жоғары болып отыр.

«Қазақстандық әйелдер еліміздегі экологиялық саясаттың қалыптасуында үлкен рөл атқаруда. Мәселен, бір ғана экология саласында жұмыс істейтін ұйымдардың басым көпшілігінің басында әйелдер отыр, ерлер көп жағдайда әкімшілік салада қызмет атқарады. Біздің елдегі әйелдердің балаларына деген қамқорлығы ерекше және бала тәрбиесімен көбінде әйелдер айналысады. Әйелдер арқылы біз балаларды салауатты өмірге, табиғатты аялауға шақырып, тәрбие бере аламыз. Сол себепті біз елдегі экологиялық проблемаларға қыз-келіншектер арқылы назар аудартып, эко-жобаларға әйелдерді көбірек тартумен айналысудамыз. Елдегі әрбір әйелге оның экология саласындағы рөлі, мүмкіндігі туралы жеткізіп, аталған саладағы әйел рөлінің маңыздылығын ерлерге түсіндіргіміз келеді. Одан бөлек, ұйымның мақсаты еліміздің экологиялық мәдениетін арттыру», - деді Қазақстан республикасының кооперавтитері мен басқа да экономикалық қауымдастық формаларының Ұлттық қауымдастығы директоры Қазбек Шайх.

Аталған сала мәселесін және еліміздегі өзге де маңызды экологиялық проблемаларды талқылау үшін маусымның 3-де Нұр-Сұлтан қаласында ECOJER компаниясының ұйымдастыруымен «Тұрақты болашақ қалыптастыр» халықаралық конгрессі өтеді. Конгрестің алғашқы сессиясы «Экологиядағы әйелдер мен тұрақты бастамалар» деп аталады.

Сессия модераторы – Қазбек Шайх, спикерлер – Мәжіліс депутаты Айжан Сқақова, «Даму» АҚ кәсіпкерлер қоры Төрағасының орынбасары Фархат Сәрсекеев, Greenup.kz қоғамдық қорының директоры Әлия Сәлменова, KazEnergy адам капиталының даму Ассоциациясының атқарушы директоры Ләззат Ахмурзина, «ECO Network» ЖШС негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов, қазақстандық дизайнер Фариза Сұлтан, TIMUS Development негізін қалаушы Нұртаев Тимур,  «Kazakhstan Waste Recycling» ЖШС Бас директоры Дана Солтанова.

Тегтер: