$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.05.2021, 16:42
Қоғам

«Лицензиясынан айырылады»: Алматыда миллиондарды ұтқан мердігер жауапқа тартылатын болды

Ол жолдарды қазып, жұмысын аяқтамай кеткен

«Лицензиясынан айырылады»: Алматыда миллиондарды ұтқан мердігер жауапқа тартылатын болды

Боралдайдың жолын қазып тастаған компания жауапқа тартылатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бұған дейін Алатау ауданының Боралдай шағынауданына 4,5 км су құбырын тарту үшін мемлекеттің 455 миллион теңгесін ұтқан «Қарасай құрылыс» ЖШС жауапсыздығы туралы жариялаған едік. Жұмысты бастаған мердігер орталық көшені қазып, жолаушыларға қауіп тудырған қалпы тастап кеткен. Тасырыс беруші Алматы қаласының әкімдігі де жағдайды бақылаудан шығарып алған.

«Алматы қаласына қосылған аумақтарын сумен жабдықтау және су бұру желілерін дамыту. «Боралдай» кентінде магистралды су құбыры және кәріз желілерін салу» жобасына сәйкес жүргізілетін Боралдай кентінде инженерлік желілерді салу ағымдағы жылдың соңына қарай аяқталады. Бүгінгі күні жұмыстардың 45% орындалды: 4,2 км су құбырының 2,5 км және 5,2 км кәріз желілерінің 2,1 км төселді», - деп есеп берді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мердігер компанияға Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы тапсырыс берген. Ал ашулы жүргізуішлер мен тұрғындар ауыл арасындағы айналдырған 4 шарымнан сәл асатын құбырды екі жылға созған әкімдікке реніштерін білдірген еді. Мердігер 455 миллион теңгенің 60% алып алса да, жұмысты орта жолда тастап кеткен.

«Кенттегі инженерлік желілер құрылысының орындалуын бақылау барысында «Қарасай Құрылыс»ЖШС мердігерлік ұйымымен жасалған шарт міндеттемелерінің бірқатар бұзушылықтарын анықтады. Мердігердің басшылығына жағдайды қысқа мерзімде түзетуді талап ететін хат жолданды. Бұдан басқа, сумен жабдықтау және су бұру желілері құрылысының мемлекеттік тендері бойынша шарттың талаптарын бұзғаны үшін құрылыс компаниясына айыппұл салынады. Ал барлық ескерту жойылмаған жағдайда лицензиясынан айырылады», - деді Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының баспасөз хатшысы Маржан Әлімбай.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #жол