$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.05.2021, 12:42
Қоғам

Карантин режимін бұзған 73 нысанның қызметі уақытша тоқтатылды

8613 нысанға және 6 576 жеке тұлғаға айыппұл салынды

Карантин режимін бұзған 73 нысанның қызметі уақытша тоқтатылды
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Жыл басынан коронавирусқа байланысты шектеу талаптарын бұзған 73 мекеменің қызметі уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен хабарланды.

Комитеттің хабарлауынша, шектеу режимін бұзу оқиғаларының басым бөлігіне карантин кезінде қызметіне тыйым салынған нысандардың жұмыс істеуі, шектеу режимін сақтамау, бұқаралық іс-шараларды өткізу жатады.

Биыл 1 қаңтар мен 17 мамыр аралығында мониторинг топтары 85 118 рейд жүргізіп, 530 887 нысанды тексерген. Нәтижесінде 15 170 нысанның (2,8%) карантин талаптарын бұзғаны тіркелді.

«Жұмыс барысында 2662 кезектен тыс тексеріс жүргізіліп, кәсіпкерлерге 2438 ұйығарым тапсырылды. Сотқа 281 материал жіберілсе, 73 нысанның қызметі уақытша тоқтатылды. 8613 нысанға және 6 576 жеке тұлғаға жалпы сомасы 1, 210 миллиардтан астам теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл салынды. Жеке тұлғалар көбіне қоғамдық орындарда (жабық ғимараттарда, көлікте) бетперде кимегені үшін жауапкершілікке тартылған», - делінген комитет ақпаратында.

Карантин режимін бұзу оқиғалары негізінен анықталды:

  • Шығыс Қазақстан облысында (3746);
  • Түркістан облысында (2344);
  • Алматы облысында (984);
  • Алматы қаласында (2115);
  • Шымкент қаласында (1666).
Серіктес жаңалықтары