ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Үйіне газ тартылған елордалықтар Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты

Қаланы газбен толыққанды қамтамасыз ету жұмыстары 2023 жылы аяқталады

Фото ашық дереккөзден

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына елорданың жеке секторында тұратын азаматтардан ұжымдық хат келіп түсті. Онда тұрғындар Елбасының Бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру аясындағы газдандыру жұмыстары үшін ризашылығын білдірді.

Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі Instagram-парақшасында жазды. Еске салайық, былтырдан бері елорданы газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Мен алғашында бұған сенген жоқпын. Кейін аулаға құбыр тартып жатқанын көргенде таң қалдым, қатты қуандым. Бірақ, алғашқы күндері үйрене алмай, ескі әдетпен үйге көмір тасып жүрдім», - дейді зейнеткер Лидия Антонюк.

«Бұрын газ баллонын пайдаланатын едік. Оны үйге дейін көтеріп кіру біз секілді адамдарға қиын болатын. Ал, қазір рахат, кранды көтере саласың, газ жанады», - дейді тағы бір астаналық тұрғын Заманбек Дүйсенбаев.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласын газбен толық қамту 2023 жылы аяқталады. Бүгінде қаладағы 30 мың жер үй көгілдір отынға қосылып үлгерді. 2021-2022 жылдары «Күйгенжар», «Мичурино», «Интернациональный», «Оңтүстік-шығыс», «Агрогородок» тұрғын алаптарының халқы да газға қол жеткізеді.