ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

Қазақстанда карантин кезінде 48 мың отбасы ажырасып кеткен

Бүгін – Халықаралық отбасы күні

Көрнекі сурет: vchasnoua.com

Алдыңғы жылмен салыстырғанда былтыр еліміз бойынша ажырасу деректері біршама азайған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

2019 жылы елімізде 60 мыңға жуық жұп ажырасса, былтыр 48 мың шаңырақ шайқалған.

Бұл деректі ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия басшысы Ләззат Рамазанова жария етті.

Арнайы жүргізілген сауалнама нәтижесінде қазақстандықтардың 72%-ы отбасы институтының маңыздылығын атап өткен.

«Бұған дәстүрге айналған «Мерейлі отбасы» байқауының да септігі мол», - дейді маман.

Республикалық сайыс биыл тағы да жалғасын тауып, Халықаралық отбасы күніне орай жетінші мәрте ұйымдастырылып, үлгілі отбасыларды жинады.

«Республикалық «Мерейлі отбасы» байқауы өтуде. Конкурсқа жеті жылдың ішінде 62% ауылдық жердегі отбасы, 36% көп балалы отбасы, 18%-і жас отбасылар қатысқан. Жеті жылдың ішінде республиканың ішіндегі конкурсқа қатысқандардың саны 15 200 отбасыны құрайды. Биыл байқаудың ережесін өзгерттік. Енді байқау екі кезеңде өтеді. Бас жүлде алушылардың барлығы облыстық деңгейде белгілі болады», - деді ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия басшысы Ләззат Рамазанова.