Маса коронавирус тасымалдаушы жәндікке жата ма?
Коронавирус ауа-тамшы жолдарымен беріледі
Қазнет қолданушылары жазда маса шақса, коронавирус жұқтыруға болады деп алаңдайды. Олар масаны инфекция тасымалдаушы деп есептейді.
Қан сорғыш жәндіктер адамдарға COVID-19 жұқтыруы мүмкін деген теория дұрыс емес. Оны теріске шығаратын ақпарат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтында жарияланған.
«SARS-CoV-2 вирусы маса шағу арқылы берілуі мүмкін екендігі туралы ақпарат жоқ. Өзіңізді инфекциядан қорғау үшін жөтел немесе дене қызуы бар адамдардан алшақ жүріп, қол гигиенасы мен тыныс алу гигиенасы ережелерін сақтау керек», – делінген ұйымның сайтында.
Sars-CoV-2 вирусы ауа-тамшы жолдарымен беріледі. Ол сілекей мен ылғал бөлшектерімен, сондай-ақ мұрыннан аққан бөліністерде болады. Жәндіктер бұл аурудың қоздырғышы емес.