$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.04.2021, 12:50
Қоғам

Бала асырап алу құпиясын жария еткен тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақмола облысының тұрғыны жанжалдан кейін асырап алынған балаға бар шындықты айтып берген

Бала асырап алу құпиясын жария еткен тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды
көрнекі сурет

Ақмола облысының тұрғынына қатысты бала асырап алу құпиясын жария еткені үшін қылмыстық іс қозғалды.

Бірнеше жыл бұрын отбасы ресми түрде бала асырап алып, құпияны сақтау мақсатында тұрғылықты жерін өзгерткен. Алайда баланы асырап алу туралы отбасының тұрғылықты жері бойынша белгісіз біреу хабарлады. Осыған байланысты баланың ата-анасы полицияға тиісті өтінішпен жүгінді.

Тексеру барысында полицейлер бала асырап алу туралы мәліметтерді жария етуге қатысы бар деген күдікті әйелді анықтады, ол 41 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

18 сәуірде әйел жәбірленушімен жанжалдан кейін бұл ақпаратты асырап алынған балаға айтқан. Мойындау айғақтары бар.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстәің 138-бабы (Бала асырап алу құпиясын жария ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жолдауында Үкіметке «2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» атты арнайы бағдарлама бастауды және жасанды жолмен бала көтеру бағдарламасындағы квота санын жеті мыңға (бір жылдық – авт.) дейін көбейтуді тапсырды

Серіктес жаңалықтары