$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.04.2021, 13:02
Қоғам

Былтыр елден кеткен қазақстандықтардың 54,3%-ы жоғары санатты мамандар - Мәжіліс

Депутат қазақ жастарының елден кетіп жатқаны жайлы мәселе көтерді

Былтыр елден кеткен қазақстандықтардың 54,3%-ы жоғары санатты мамандар - Мәжіліс
Көрнекі фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Александр Милютин қазақ жастарының елден кетіп жатқаны туралы мәселе көтеріп, вице-премьер Ералы Тоғжановқа жүгінді.

Депутаттың айтуынша, 2019 жылы шетелге кеткен азаматтардың жалпы санының 50,6 пайызы жоғары санатты мамандар болса, былтыр пандемияға, шектеулерге қарамастан бұл көрсеткіш 54,3 пайызға жеткен.

«Ашық дереккөздерде былтыр 2019 жылмен салыстырғанда Қазақстаннан кеткендер ішінде техникалық мамандардың 5 есе, мұғалімдердің 4 есе және дәрігерлердің 3 есе көбейгені айтылған. Сарапшылар мұның себебі ретінде адам капиталы деңгейінің төмендігі, қазақстандықтар өмірі сапасының төмендігі, ертеңгі күнге деген сенімнің төмендігі мен елде білім алудың қолжетімді болмауы сияқты факторларды атап отыр», - деді Александр Милютин.

Александр Милютин шетелге оқуға кететіндер мен сол жақта қалуға ниеттілердің арасында этникалық қазақтардың үлесі аз емес екендігін айтты. Әсіресе, жастардың дені Ресейге білім алу үшін барып, қалып қойып жатыр.

Депутат жастардың шетелге кетуіне әсер ететін бір фактор ретінде Қазақстанда сырттай және қашықтан оқу жоспары 65 пайызға дейін қысқартылған және 2019 жылдан бастап сырттай оқу жүйесі мүлде тоқтатылған. Оған қоса, Қазақстанда жоғары білімді қашықтан алу мүмкіндігі жоқ, ал қашықтан оқыту жүйесі Ресейде жолға қойылған.

Серіктес жаңалықтары