ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте КВИ жұқтырғандар саны күрт өсті

Қазақстанда коронавирус вакцинасының 1 компонентін алғандар саны миллионнан асты

Сәуірден бастап ай сайын 2 миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

28 сәуірдегі мәлімет бойынша, елімізде коронавирусқа қарсы вакцинаның 1 компонентін 1 016 809 адам, ал 2 компонентін 205 188 адам қабылдаған. Бұл туралы ҚР аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның баспасөз қызметінен хабарланды.

Өткен бір тәулік ішінде 88 015 адам вакцина қабылдаған.

Қазір елімізде халықты індетке қарсы иммундау іс-шарасы 1051 екпе пунктінде жүргізілуде. Сонымен қатар, КВИ-ге қарсы вакциналау жүргізу үшін шалғай елді мекендерде, ұйымдасқан ұжымдарда, адамдар көп шоғырланған орындарда екпе жасаудың 303 көшпелі бригадасы жұмылдырылған. Иммундау науқанына 10 мыңнан астам медицина қызметкерлері тартылған.

Еске салайық, сәуір айының қорытындысы бойынша Қазақстанда вакциналауға жататын халықтың 20%-ы коронавирусқа қарсы екпе алуы тиіс. Сәуірден бастап ай сайын 2 миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр.