ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 2549 адамнан коронавирус анықталды

Бекшин Алматыда локдаун енгізуге қатысты жауап берді

Шаһардың бас санитар дәрігері мамырдағы эпидемиологиялық ахуал қалай болатынын айтты

көрнекі сурет

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал локдаун жариялайтын жағдайға апармауы мүмкін екенін айтты.

«Сәуірдің ортасы мен аяғы және мамырда коронавирустың өршу кезеңі болады деп болжанған еді. Қазір вакцина жеткізіліп, жаппай екпе салынып жатыр. Сонымен қатар, қазір эпид-ахуал тұрақталып келе жатқаны байқалады. Егер вакцинация қарқынды жүргізілсе, мамырда инфекция жұқтыру дерегі азаяды деп болжап отырмыз. Алматыдағы жағдай локдаун жариялайтын жағдайға бармайды», - деді Бекшин.

Айта кетейік, бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталғанын, елімізде коронавирус жұқтыру айтарлықтай төмендегенін мәлімдеді.