$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.04.2021, 09:58
Үкімет

Індеттің таралу көрсеткіші төмендеп келеді - Цой

Министр ахуалдың айтарлықтай тұрақтануы байқалатынын айтты

Індеттің таралу көрсеткіші төмендеп келеді - Цой
Коллаж

Қазақстанда коронавирустың таралу қарқыны төмендеп келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Министрдің дерегінше, Қазақстан науқастану көрсеткіші бойынша әлемдік рейтингтегі 221 елдің ішінде 108-орында, ал коронавирустан болатын өлім-жітім көрсеткіші бойынша 107-орында тұр.

«Науқастанудың күнделікті динамикасы наурыз айының соңындағы 46 пайыздық өсім қарқыны өткен апта ішінде 8 пайызға дейін төмендеді. Соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда өлім-жітім өсімі 30-дан 8 пайызға дейін төмендеді. Ахуалдың айтарлықтай тұрақтануы байқалады», - деді Алексей Цой.

Қазір Қазақстанның 10 өңірі жоғары эпидемиологиялық тәуекел аумағында тұр, атап айтқанда: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстары тұр.

Орташа эпидемиологиялық (сары) тәуекел аймаққа бүгінде Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Алматы және Қостанай облыстары кіреді.

«Жасыл» аймақта - Түркістан мен Солтүстік Қазақстан облыстары.

Серіктес жаңалықтары