ШұғылЕлордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Қосшы ауылына облыстық маңызы бар қала мәртебесі берілуі мүмкін

Президент жарлығы ашық талқылауға ұсынылды

Фото: kn.kz

Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы аулын облыстық маңызы бар қала санатына жатқызу туралы ҚР Президенті жарлығы ашық талқылауға ұсынылды. Талқылау 13 мамырға дейін жалғасады.

Жарлықты әзірлеуге жергілікті қоғамдастықтың 2021 жылғы 16 сәуірдегі жиналысының хаттамасы, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» ҚР-ның 1993 жылғы 8 желтоқсандағы заңы негіз болған.

Қосшы ауылы – Целиноград ауданының аумағында орналасқан ауыл. Жалпы көлемі – 2413 га. Аудандық орталық Ақмолға дейінгі арақашықтық 36 шақырымды құрайды. Көше-жол желісінің ұзындығы – 185 шақырым (асфальт-34,4 км) (қиыршықтас-шағылтас жабынымен - 50 км, қара жолдар - 98,6 км). Шаруашылық кітабы бойынша халық саны – 50 600 адам.

3 орта мектеп бар, оның ішінде 1 жеке меншік мектеп. Оқушылар саны – 6 622, балабақшалар саны – 22, балалар саны – 4045.

Мәдениет мекемесі - ауылдық клуб жалпы ауданы 600 шаршы метрді құрайды. Клубта 100 орынға арналған көрермендер залы бар, көркемөнерпаздардың 14 үйірмесі мен ұжымы жұмыс істейді. Үйірмелелер мен ұжымдарға қатысатындардың саны 512 адам.

Ауылда «Жанұя» отбасылық денсаулық орталығы бар, 22 376 адам тіркелген.

Ауылға қала мәртебесін беру, жылжымайтын мүліктің өтімділігін, кәсіпкерлермен мен халық үшін бизнес ашуы мен дамытуына кредит ресурстарына қолжетімділігін артырады.