ШұғылЕлордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Қызылжарда 9 мың азамат қоғамдық көлікте тегін жүре алады

Арнайы карталар қалалықтардың қоғамдық көлікте құжат көрсетпей-ақ жүруіне мүмкіндік береді

Фото: pkzsk.info

Тегін жол жүру түріндегі жеңілдікті азаматтардың 12 санаты алады. Мұндай шешімді VII шақырылған Петропавл қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында депутаттар қабылдады, деп хабарлайды 7152.kz

Қалалықтарда арнайы карталар болады, олар қоғамдық көлікте қандай да бір құжаттарды көрсетпей жүруге мүмкіндік береді. Бұл туралы facebook-парақшасында қала әкімінің баспасөз хатшысы Руфия Мұстафина хабарлады.

Картаны алу үшін қала тұрғындары қалалық жұмыспен қамту бөліміне жүгініп, өтініш жазуы керек. Ақпаратты тексергеннен кейін тізім жасалады, оны Петропавл қаласы әкімдігінің ТҮКШ ЖК және АЖ бөліміне жібереді. Жеңілдік карталары бес жұмыс күні ішінде жасалады, содан кейін жұмыспен қамту бөлімі оларды қала тұрғындарына бере бастайды.

Қоғамдық көлікте тегін жол жүру жеңілдігі мына санаттағы азаматтарға беріледі:

- 1 және 2 топтағы мүгедектер; ⠀⠀

- 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар; ⠀⠀

- 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар; ⠀⠀

- 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған заңды өкілдердің бірі; ⠀⠀

- Ұлы Отан соғысының ардагерлері; ⠀⠀

- басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері; ⠀⠀

- жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер; ⠀⠀

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және I дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;⠀

- саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедектігі бар, зейнеткер саналатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар; ⠀⠀

- төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар көпбалалы отбасылар (заңды өкілдердің біріне); ⠀⠀

- атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы аз қамтылған отбасылар (заңды өкілдердің бірі); ⠀⠀

- атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп жасындағы балалар.

Өтініштер 1 мамырдан бастап қабылданады.