Вакцинацияланғанын растайтын паспорттың кімдерге берілетіні айтылды
Паспорт вакцинаның ІІ компонентін алғандарға ғана беріледі
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева вакцинаның бірінші дозасын алғандарға паспорт берілмейтінін айтты. Ұлттық орталық өкілінің айтуынша, егілгені туралы құжатты азаматтар вакцинаның екінші дозасынан кейін ала алады.
«ДДСҰ егу паспортын кеңірек қолдануға кеңес беріп жатқан жоқ. Бірақ әрбір мемлекет өз жағдайына қарап, бейімдеуде. Біздің елде паспорт беру жүйесін енгізудегі мақсат – халық арасындағы вакцина жұмыстарының динамикасын көріп отыру. Паспортқа қолжетімділікді Egov плафтформасына енгізіп жатыр. Платформаға енгізілген соң, телефоныңызға Egov қосымшасын жүктеу арқылы вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін паспортқа ие бола аласыз», - деді Айнагүл Қуатбаева.
21 сәуірдегі мәлімет бойынша Қазақстанда 766 614 адам коронавирус вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Екінші компонентті салдырғандар саны – 126 550.
Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан